Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяны ядролық қарумен қорқытты

Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяны ядролық қарумен қорқытты

Оңтүстік Корея "әскери қақтығысқа барса" Пхеньян ядролық қаруды қолданады. Солтүстік Корея Орталық телеграф агенттігі мәліметінше, бұл туралы КХДР көшбасшысы Ким Чен Ынның қарындасы, Кореяның Еңбек партиясы Орталық комитеті бөлім басшысының орынбасары Ким Е Чжон мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Егер Оңтүстік Корея әскери қақтығысқа түссе, біздің ядролық қарулы күштер өз міндетін орындауға мәжбүр болады", - деп келтіреді агенттік Ким Е Чжонның сөздерін.

Сонымен қатар, ол Оңтүстік Корея қорғаныс министрінің КХДР-ға қарсы алдын ала соққы беру туралы айтуы "өте үлкен қателік" болғанын айтты.

Бұған дейін Ким Е Джон Оңтүстік Кореяның қорғаныс министрі Со Укты КХДР-ға қарсы алдын ала соққы беру мүмкіндігі туралы айтқан сөзі үшін "қоқыс" деп атап, Сеул үшін мұндай сөздердің қайғылы салдары болатынын ескерткен.

Автор
Әлихан