Ант па, әлде бәс пе? Мемлекеттік қызметті құмар ойынға айырбастағандар
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Смайылов мектеп құрылысына бөлінетін жемқорлар ақшасы туралы: 50 миллиард түсті

Смайылов мектеп құрылысына бөлінетін жемқорлар ақшасы туралы: 50 миллиард түсті

Премьер-министр Әлихан Смайылов жемқор шенеуніктерден тәркіленген ақшаның мектеп салуға жұмсалатын қаражаты туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

Сенатта журналистер сауалдарына жауап берген премьер-министр сыбайлас жемқорлықтан алынған ақша үшін Қаржы министрлігінде арнайы шоты көзделгенін атап өтті.

"Ақша Қаржы министрлігінің арнайы шотына түседі және түсіп жатыр. Қазірдің өзінде 50 миллиард теңге түсті. Жақын арада бұл сома 100 миллиард теңгеге дейін өседі деп күтеміз. Алдағы уақытта бұл сома 100 миллиард теңгеге дейін өседі деп күтудеміз. Олар әсіресе тапшылығы бар және үш ауысымды оқыту бар, мектептердің апатты жағдайлары бар өңірлерде қосымша оқушы орындарымен қамтамасыз ету мақсатында мектептер мен мектептерге қосымша ғимараттар салуға бағытталады", - деп түсіндірді Смайылов.

Оның айтуынша, қазір Оқу-ағарту министрлігі тиісті құжаттаманы дайындап жатыр. Бұл ретте премьер-министр қаржыландыру бюджетке салынған қаражатқа қосымша жүзеге асырылатынын атап өтті.
Автор
Нұрсұлтан