TN Live телеарнасының хабарлауынша, олар жергілікті тұрғыннан ақша бопсалауға әрекеттенді деген күдікке ілінген, деп хабарлайды kznews.kz.
Телеарна мәліметінше, бес жігіт егде жастағы әйелдің үйіне келіп, өздерін полиция қызметкерлері ретінде таныстырған. Олар әйелдің немересін іздеп, үйдің бөлмелерін тінтіген. Күдіктілер ер адамды сол үйден тауып, ұрып-соққан делінеді.
«Ол да қорқады, мен де қорқамын. Бізді өлтіріп кете ме деп қорқамыз», – деді әйел телеарнаға.
Әйел бейтаныс адамдардың әрекетіне шағымданғаннан кейін олардың полиция қызметкері еместігі анықталған. TN Live дерегінше, ұсталған төртеуі де Қазақстан азаматы және жергілікті университетте оқиды. Бесінші адам әзірге табылмаған.