Оқиға 3 қараша күні болған. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, әйелдің өзіне зиян келтіру әрекетіне байланысты сотқа дейінгі тергеу басталған.
Құқық қорғау органдары оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтап жатыр. Полиция 62 жастағы жергілікті тұрғынның аудандық ауруханаға жеткізілгенін растады.
"3 қарашада аудандық ауруханаға улану белгілерімен 62 жастағы жергілікті тұрғын жатқызылды. Оқиға орнынан сірке қышқылы құйылған бөтелкелер мен қоштасу хаты тәркіленді. Тергеу аясында қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр", – деп хабарлады СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Дәрігерлер әйелге медициналық көмек көрсетіп жатыр. Оның қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде екені белгілі.