KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

"...сізге түк емес" дейді Гүлзира Айдарбекова

• Еркебұлан

Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекованың қамауда отырған ұлына деген сағынышы басылар емес. Қайрат Нұртастың анасы тұңғышына арнап, тағы бір жазба жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айдарбекова Instagram-дағы парақшасында Қайрат Нұртастың видеосын жариялап, елден сөз естіп қалды. Желі қолданушылары жұлдызды ананы "тым көп уайымдап кетті" деп сынға алған. "Не болды сонша уайымдап? 10 күнге ғана ортамызда болмайды", - деп жазды оқырман.

Продюсер бұл пікірге бірден жауап берді. "Сізге түк емес екенін білемін. Біздер ғой сағат санап жүрген", - деп жазды Айдарбекова. Басқа желі қолданушылары да Қайрат Нұртастың анасына қолдау білдірді. "4 күн ғана қалды. Арамызға аман-есен оралсын", "Ана үшін 10 күн 10 жыл секілді", "Жұрт не деседе әркімнің баласы өзіне. Қайратқа сабыр тілеймін. 20 шілде күні аман-есен шығуын күтіп жүрміз", - деп жазды олар.

Еркебұлан
Журналист
Автордың басқа материалдары →