Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Сібірде 5 мың гектарға жуық орман өртеніп жатыр

Сібірде 5 мың гектарға жуық орман өртеніп жатыр

Ресейдің Иркутск облысы мен Красноярск өлкесінде жалпы көлемі 4720 гектар орман өртеніп жатыр. Бұл туралы Ресейдің федералдық орман шаруашылығы агенттігі хабарлады.

Иркутской облысында 3570 гектар аумақта жеті өрт болып жатыр. Красноярск өлкесінде 12 орман алқабында жалпы көлемі 1150 гектар жер өртенген.

16 маусымдағы мәлімет бойынша, 6254 гектар аумақта 41 өрт оқиғасы тіркелген.

Бұған дейін, 4 маусымда Иркутск облысында ормандағы өрт түгелдей өшірілді деп хабарланған. Мамырдың басында осы облыстағы Иркутск ауданында өрт бірнеше елді мекенге қауіп төндіріп, оның екеуінен тұрғындар көшірілген еді.


Azattyq
Автор
Арман