"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Шымкенттің мәдениет басқармасындағы шенеунік 80 млн.теңге пара беруге әрекет жасаған

Шымкенттің мәдениет басқармасындағы шенеунік 80 млн.теңге пара беруге әрекет жасаған

Шымкент қаласы мәдениет басқармасының лауазымды тұлғалары аса ірі көлемде пара беруге әрекет жасады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Antikor News телеграм каналы жазды.

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Агенттікпен бірге, Шымкент қаласының Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының лауазымды тұлғаларын әшкереледі.

Олар мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тоқтатқаны үшін 80 млн.теңге сомасында аса ірі мөлшерде пара беруге әрекет жасады деп күдіктелуде.

Аталған тұлғалар ұсталып, Шымкент қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Іс бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде.

Автор
Айбар