Шоу-бизнес

Шымкентте жүргізушісі жоқ автобус төрт адамды басып өлтірді (видео) 

KZNEWS KZNEWS
Шымкентте жүргізушісі жоқ автобус төрт адамды басып өлтірді (видео) 

Оқиға 8 сәуірде сағат 18:30 шамасында Бәйтереков көшесінде болған.

Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші маршрутты аяқтап, автобустан шығып кеткен. Бірақ автобус кенеттен жүріп кетіпті.

Автобус жаяу жүргіншілер өткелінде алты адамды қағып кетті: екі әйел мен жасөспірім сол жерде қайтыс болды. Дәрігерлердің бар күш-жігерін жұмсағанына қарамастан тағы бір кәмелетке толмаған бала ауруханада қайтыс болды. Зардап шеккен екі адам ауруханаға жатқызылды.

Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.  Бұл автобустың техникалық қателігі ме, әлде жүргізушінің немқұрайлылығы ма, құқық қорғау органдары анықтайды.

[video width="640" height="352" mp4="https://kznews.kz/wp-content/uploads/2023/04/VID_20230409_013302_824.mp4"][/video]

Фото: http://t.me/orda_kz

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz