Желіде ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Шымкентте құлдыққа ұстайтын жер бар": Гүлмира Әбіқай адам шошырлық жайтты мәлімдеді

"Шымкентте құлдыққа ұстайтын жер бар": Гүлмира Әбіқай адам шошырлық жайтты мәлімдеді

Журналист Гүлмира Әбіқай хабарсыз кеткен, жоғалып кеткен адамдар туралы жазғалы, елліміздің түкпір-түкпірінен түрлі хаттар келе бастаған.  Соның ішінде Шымкент қаласына қатысты адам шошырлық жайттар айтылды. 

"Шымкенттің арасында құлдыққа ұстайтын жер бар деп еститінмін бала кезімде. 2-3 рет барып қайтқан екен, әзер қашып шығыпты. Көздерін байлап апарып, аяқ-қолын шынжырда ұстайды екен. Таңнан түнге дейін құрақ көрпешеге отырғызады екен. Жастары да, кемпірлері де құлдықта деп еститінмін. 5 баласы бар біреу қашып алты айдан кейін үйіне жетсе, күйеуі сенбей кіргізбей қойыпты. Астанада таңертең нан алуға кеткен апа да әлі табылмапты. Сіңілімнің көршісі, автобусқа мінген видеосы бар болды. Жыл боп қалды. Қосшыда тұратын көршімнің жездесінің жоғалғанына да 4-5 жыл болды. Балалары әлі күтіп жүр. Ол кісі енді көлік әкеп сатумен айналысқан екен. Жай ғана айналамдағы екі жағдай. Қазақстан бойынша қаншама” , - делінген хат жарияланды.

Бұл хат оқырманнан келген. Жазылған дүниенің оқырмандар адам шошырлық екенін жарыса жазды.

Фото: Depositphotos

Автор
Нұрсұлтан