Астанада пәтерлерді арнайы құрылығымен тексеріп жүрген кімдер?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Шымкентте қаңтар оқиғаларын қаржыландырған күдікті ұсталды

Шымкентте қаңтар оқиғаларын қаржыландырған күдікті ұсталды

Шымкентте қаңтар оқиғаларын қаржыландырды деген күдікпен бір азамат тұтқындалды. Бұл туралы Бас прокуратура бірінші қызметі басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты, деп хабарлайды kznews.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Шымкентте С. есімді азамат жаппай тәртіпсіздіктерді қаржыландырды, арматура, тас пен Молотов коктейлін жеткізуді ұйымдастырды деген күдікпен тұтқындалды. Бұл заттар 5 қаңтарда қала әкімдігі мен полиция департаментіне шабуыл кезінде қолданылған. Сонымен қатар Шымкент алаңында тәртіпсіздікке қатысқан 52 азамат анықталды, 12 арандатушы бейне бақылау жазбасы арқылы анықталды», - деді Қилымжанов Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.

Жамбыл облысында 18-31 наурыз аралығында 5 ұйымдастырушы, 11 арандатушы мен тәртіпсіздіктерге белсенді қатысқан 140 азамат тұтқындаоған. Сонымен қатар бұл аймақтағы ұйымдасқан қылмыстық топтың 2 көшбасшысы қамауға алынған.
Автор
Әлихан