KZNEWS.KZ
Қоғам

Шымкентте мерекеде атылған отшашудан өрт шықты

• Айгерім Асылова

25 қазан күні түнде Шымкентте мерекеге орай ұйымдастырылған отшашу кезінде құрғақ шөп өртеніп кетті. Бұл туралы Kznews.kz агенттігі хабарлайды. 

Өрт сағат 23:42-де Нұрсат шағын ауданында болған.

“Ашық алаңда 250 шаршы метр аумақта құрғақ шөп жанды. Ешкім зардап шеккен жоқ. Өртті сөндіруге 18 қызметкер мен 4 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды”, – деп хабарады ведомство.

Шымкент қалалық төтенше жағдай департаменті өрттің сағат 23:50-де сөндірілгенін хабарлады.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →