Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Шымкентте мектеп оқушысы әйел адамды өлтіріп, мәйітін зорлаған

Шымкентте мектеп оқушысы әйел адамды өлтіріп, мәйітін зорлаған
Фото: Depositphotos

Прокурордың айтуынша, ол биыл шілдеде Шымкентке құрылыс жұмысына келген. 21 шілде күні жалдамалы пәтерде жалғыз қалып, Telegram арқылы «Шымкент жұмыс» тобына «Үй жинайтын қыз керек» деген хабарлама жариялаған.

Жарнамаға жауап берген 26 жастағы Диана Оңғарбаева үйді тазартып, 15 мың теңге еңбекақысын сұраған. Алайда оқушы ақшаны анасы береді деп алдаған. Кейін асүй пышағын алып, әйелдің мойын тұсынан бірнеше рет сұғып өлтірген. Сараптама оның денесіне 10-нан астам жарақат түскенін анықтады.

Оңғарбаева оқиға орнында қаза тапқан. Денесі 10 күннен кейін қоқыс маңынан табылды. Прокурордың айтуынша, күдікті әйелдің телефонын сатып жіберген.

Марқұмның анасы Қарлығаш Оңғарбаева полицияны салғырттық танытты деп айыптап, қызын өмірбақи түрмеге қамауды талап етті. Ал айыпталушы адам өлтіргенін мойындағанымен, мәйітті қорлады деген айыппен келіспей отыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.