НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Қазақстанда коронавирустан 32-ші адам қайтыс болды, деп хабарлады мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
"Шымкентте 1955 жылы туған науқас коронавирус індетінен көз жұмды", - деп жазылған ақпаратта.
Бұл Шымкент қаласында тіркелген алтыншы жағдай. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласында - 3, Алматыда - 9, Ақмола облысында - 4, Шығыс Қазақстан облысында - 1, Жамбыл облысында -1, Қарағанды облысында - 3, Қостанай облысында - 1, Маңғыстау облысында -1, Павлодар облысында -2, Маңғыстау облысында бір адам көз жұмған болатын.
Соңғы ақпаратқа сәйкес, елде 5 160 адамда коронавирус расталды. 2 020 адам індеттен айықты.