Тоқаев Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Шымкентте кәсіпкерді қорқытып, 10 млн теңге талап еткен екі адам қылмыс үстінде ұсталды

Шымкентте кәсіпкерді қорқытып, 10 млн теңге талап еткен екі адам қылмыс үстінде ұсталды
ашық дереккөз

Полиция қызметкерлері күдіктілерді талап етілген ақшаның 5 миллион теңгесін алып жатқан кезде ұстаған.

Шымкентте кәсіпкерден 10 миллион теңге талап етіп, өзін және жүк көлігін өртеп жібереміз деп қорқытты деген күдікпен екі адам ұсталды, деп хабарлайды kznews.kz Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, оқиға қалалық базарлардың бірінде болған. Ет тасымалдау кезінде тауар бүлініп, соның салдарынан тараптар арасында келіспеушілік туындаған.

Алайда дауды заңды жолмен шешудің орнына күдіктілер кәсіпкерден 10 миллион теңге талап етіп, оған қоқан-лоқы көрсеткен.

Полиция қызметкерлері күдіктілерді талап етілген ақшаның 5 миллион теңгесін алып жатқан кезде ұстаған. Қазір олар уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Аталған факті бойынша «Өз бетінше билік ету» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі