Бұқара мен банктер: несие портфелі 40,2 трлн теңгеге жетті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қыз бұрынғы сүйіктісін бопсалап, 25 миллион теңге талап еткен

Қыз бұрынғы сүйіктісін бопсалап, 25 миллион теңге талап еткен
Фото: ашық дереккөзден

Жетісу облысында махаббат хикаясы қылмыстық драмамен аяқталды. Бұрынғы сүйіктісі жігітті бопсалап, қомақты қаражат талап еткені үшін қамауға алынды, деп хабарлайды kznews.kz.

Жетісу облыстық Полиция департаменті мәліметінше, жастар төрт айдай кездесіп жүрген. Айырылысқаннан кейін қыз жігіттің сезімге еріп айтқан жеке мәліметтерін ақшаға айналдыруды ұйғарған.

Ол бұрынғы жігітіне ақша аудармаса, бұл ақпаратты әлеуметтік желілерде тарататынын айтып қорқытқан. Қыз өз үнсіздігін 25 миллион теңгеге бағалаған.

Тергеу мәліметінше, жәбірленуші мұндай сомадағы ақшасы жоқ екенін бірнеше рет түсіндірген. Алайда қыз тарапынан қысым тоқтамаған. Соңында ол қызға 200 мың теңге аударып, артынша полицияға арыз түсірген.

"Аталған дерек бойынша полиция аса ірі мөлшерде мүлікті иемдену мақсатында жасалған бопсалау белгілері бойынша қылмыстық істі тергеуді жалғастырып жатыр. Күдікті қамауға алынды", - деп хабарлады полиция.

Ведомство кез келген қысым көрсету, қорқыту немесе бопсалау әрекеттері, соның ішінде цифрлық кеңістікте қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті. Мұндай жағдайларда дереу құқық қорғау органдарына жүгіну қажет.

Бұған дейін Жамбыл облысының тұрғыны қарым-қатынас тоқтағаннан кейін бұрынғы сүйіктісінен 2,5 миллион теңге өндіріп алмақ болған еді. Сот оның талап арызын қанағаттандырмады.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.