Маркетплейс нарығы: "Барахолка" мен бутиктердің басына қара бұлт үйірілді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Шымкентте футбол жанкүйелері арасында жаппай төбелес болды (видео)

Шымкентте футбол жанкүйелері арасында жаппай төбелес болды (видео)

Шымкентте "Ордабасы" мен "Ақтөбе" футбол командаларының жанкүйерлері төбелесіп қалды. Оқиға орнына барған полиция 20 адамды ұстап әкеткен, деп жазады Kznews.kz тілшісі.

Бүгін әлеуметтік желілерде топ-тобымен жанжалдасқан ер адамдардың видеосы тарады. Анықталғандай, жұдырықтасқандар футбол командаларының жанкүйерлері болып шыққан. Шымкент қалалық полиция департаментінің мәліметінше, тәртіпсіздік жасаған 20 адам ұсталған. "Еңбекші АПБ-на 102 арнасы арқылы Уәлиханов көшесіндегі "Прага" кафесінің жанында ер адамдар төбелесіп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына дереу патрульдік полиция қызметкерлері мен жедел-тергеу тобы барды. Белгілі болғандай, "Ордабасы" мен "Ақтөбе" футбол командаларының жанкүйерлері арасында келіспеушілік орын алған. Қазіргі таңда полиция басқармасына 20 адам жеткізілді. Тәртіп сақшылары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда", - деп хабарлайды Шымкент қалалық полиция департаменті.

Автор
Еркебұлан