Шымкенттегі қанды жан-жалға күдіктілердің бір тобы ұсталды: қалғандарын іздестіру жалғасуда (видео)
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Шымкентте белгісіз ер адам полицейді пышақтап кетті

Шымкентте белгісіз ер адам полицейді пышақтап кетті

Әлеуметтік желіде Шымкентте әлдебіреу тәртіп сақшысының арқа тұсына соққы жасап, оны жаралаған видео тарады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Оқиға 2024 жылдың 1 қыркүйегінде болған. Ақпаратты қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

"Аталған факті бойынша күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.  Іске сәйкес Қылмыстық кодексінің 380-бабы "Билік өкілін қорқыту немесе күш қолдану" бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деді полиция.

Күдікті 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Шабуыл жасаған ер адамның ниеті белгісіз. Жараланған полицей тірі, оның денсаулық жағдайы туралы мәлімет жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Өскемен полицейлерді боқтап, жұдырық ала жүгірген келіншек 4 жылға бас бостандығынан шектелді. Әйел күйеуін бөлімшеге әкетпек болған полицейлерге қарсы шыққан. Сот мәліметінше, полиция қызметкерлері түскен арыз бойынша көрсетілген мекенжайға барып, ер адамды бөлімшеге алып кетпек болған. Сол кезде оның әйелі қарсылық білдіріп, тәртіп сақшыларына шабуыл жасаған.

Автор
Әлихан

Журналист