Жүргізуші куәлігі жемқорлықтың жүйелі жолына айналды ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Шымкентте базар өртеніп кетті (видео) - Қазақстан жаңалықтары

Шымкентте базар өртеніп кетті (видео) - Қазақстан жаңалықтары

Шымкентте "Бекжан" базарындағы автовокзал өртеніп кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз қызметі мәлімеді.

Ресми ақпаратқа сүйенсек қызыл алау аяқ киім сататын дүңгіршікте сағат 15:13 шамасында пайда болған. 

"Темірлан тас жолындағы «Бекжан» базарының алдында автокөлік тұрағында орналасқан аяқ-киім дүңгіршектері жанып жатқаны белгілі болды. Өртті сөндіруге ТЖД-ның 70 өрт сөндірушісі мен 24 дана арнайы техникасы жұмылдырылды. Жалын 280 шаршы метр аумақты шарпыған. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жау сағат сағат 15:40 шамасында сөндірілді. Қазіргі таңда өрттің шығу салдары анықталуда", - делінген ресми хабарламада.

Атап кетерлік жайт, бұл базар бірінші рет өртеніп тұрған жоқ. Бұған дейін мұнда орналасқан сауда орталығын тілсіз жаудың құрсауында қалып, бірнеше азамат қаза тапқан еді. 


stan.kz
Автор
Әлихан