KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

Шымкент әкімдігі өз қызметкерлерінің ұсталуы туралы ақпаратты жоққа шығарды

• Айбар
Шымкент мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының лауазымды тұлғалары пара беруге әрекеттенгені үшін осы басқарманың бірнеше қызметкерінің ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығаратын мәлімдеме таратты. "Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та жарияланған материалдарға сәйкес төмендегіні мәлімдейміз. Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының лауазымды тұлғалары (басшы, басшының орынбасарлары) барлығы жұмыс орнында екенін назарларыңызға жеткіземіз. Сонымен қатар, еңбек демалысында жүрген 3 маманнан басқа қызметкерлер де түгел жұмыс орнында. Басқармаға құқық қорғау органдары тарапынан ресми хат келіп түскен жоқ" деп хабарлады әкмдіктің ресми инстаграм арнасы.
Айбар
Журналист
Автордың басқа материалдары →