KZNews.kz
Шоу-бизнес

Шығыс Қазақстан тұрғындары 2-3 балдық жер сілкінісін сезді - новости Казахстана

Санжар

2 ақпан күні таңғы 3:54 Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары жер сілкінісін сезінді деп жазады ТЖК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото:almaty.tv

Жер сілкінісін "ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ" ММ сейсмикалық станциялар желісі тіркеген. Оның эпицентрі Алматыдан 616 шақырым жерде, солтүстік-шығыстағы Қазақстан мен Қытай шекарасында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 12.9. Магнитудасы MPV 5.8.

Жер асты 2-3 балдық жер асты дүмпулерін Өскемен және Зайсан қалаларының тұрғындары сезінді.

«Құрбандар мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ», - деді төтенше жағдайлар комитетінің өкілі.

Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали

Тағы да оқыңыздар


Дереккөз: kaz.nur.kz
Санжар
Журналист
Автордың басқа материалдары →