KZNews.kz
Шоу-бизнес

ШҚО-да жойқын өрт екі сәбидің өмірін жалмады

Әлихан

Бүгін (12 желтоқсанда) Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Каменка ауылында бір үйден өрт шықты.

Бұл туралы ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті ақпар таратты.

– Өрт сөндірушілерге хабар сағат 13:15-те жеткен. Жалын 100 квадрат метр аумақты шарпыған, – делінген комитеттің ақпаратында.

Өрттен 2015, 2017 жылы туған балалар қаза тапқан. Облыстық полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, жалынды сөндіруге ауылдан 40 шақырым қашықтағы бекеттен 4 қызметкер барған.

Дереккөз: Алтайньюс
 

Әлихан
Журналист
Автордың басқа материалдары →