KZNEWS.KZ
Қоғам

Щучинсктегі 8 адамның өмірін жалмаған өрттен кейін дәмхана басшысы ұсталды

• Айжан Сыланова
Фото: Сырым Рахимбеков

Ақмола облысының Щучье қаласында сегіз адамның қаза табуына әкелген жарылысқа байланысты дәмхана иесі ұсталды, деп хабарлайды kznews.kz.

Өңірлік прокуратура мәліметінше, аталған іс бойынша тергеуді арнайы прокурорлар жүргізуде. «Қылмыстық істі арнайы прокурорлар тергеп жатыр. 2026 жылғы 2 наурызда ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес «Центр плова» дәмханасының иесі ұсталды», - деп растады Ақмола облысының прокуратурасы.

Айта кетейік, дәмханада болған күшті жарылыстан кейін Қылмыстық кодекстің 292-бабы 3-бөлігі — «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу» бойынша іс тіркелген.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ведомствоның хабарлауынша, істің барысы Қазақстан Бас прокуратурасының бақылауында.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →