Ауруханаларға - 450 млрд теңге: ем-домға төлеген ақшаның астарында не жатыр?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда вагон депосының басшысы ұсталды: «Қазақстан темір жолы» жағдайға түсініктеме берді

Алматыда вагон депосының басшысы ұсталды: «Қазақстан темір жолы» жағдайға түсініктеме берді
Фото: Pixabay

Алматыдағы вагон пайдалану депосының басшысы қылмыстық іс аясында ұсталды, деп хабарлайды kznews.kz.

Қазақстан темір жолы компаниясының баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған кәсіпорын басшысы 09.04.2026 жылғы қылмыстық іс шеңберінде ұсталды. Тергеу оның 2024-2025 жылдардағы қызметінің кезеңін қамтиды. Сот оны қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

"Қазақстан темір жолы" ҰК» АҚ сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділік қағидатын ұстанады және қолданыстағы заңнама шеңберінде қажетті ақпарат пен материалдарды ұсына отырып, істің барлық мән-жайларын анықтауда тергеуге жан-жақты жәрдем көрсетеді. Сонымен қатар, Алматы вагон пайдалану депосында құқық бұзушылықтың жасалуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында Компанияның комплаенс-қызметінің басшылығымен комиссия ішкі тексеру жүргізеді", - делінген хабарламада.

Тергеу іс-шаралары аяқталғанға және құзыретті органдар процестік шешім қабылдағанға дейін Компания қосымша түсініктемелер беруден бас тартатынын мәлімдеді.
 

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі