KZNews.kz
Денсаулық және сұлулық

Шетелде демалып келген төрт қазақстандықтан коронавирус анықталды

KZNEWS

Біріккен Араб Әмірліктері мен Мысырдан ұшып келген төрт қазақстандықтан коронавирус табылды.

Бұл туралы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.

"ПТР-талдау нәтижелері бойынша 2021 жылдың 13 қаңтарында ҚР-ға анықтамасыз келген 280 қазақстандықтың төртеуінде коронавирус инфекциясы анықталды. Оның ішінде екі жолаушы Шарм-эль-Шейх – Нұр-Сұлтан рейсімен, тағы екеуі Дубай – Алматы рейсімен келді", — делінген Комитет хабарламасында.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары