Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Шерзат Полаттың өліміне қатысты аппеляциялық соттың шешімі жарияланды

Шерзат Полаттың өліміне қатысты аппеляциялық соттың шешімі жарияланды
Фото: Dauletten.kz

Сот алқасының 2025 жылғы 19 тамыздағы қаулысымен үкім мен жеке қаулы өзгеріссіз қалдырылды.

Бірінші сатыдағы сот үкіміне сәйкес:

  • Абзал Шынасыл – 23 жылға,
  • Равиль Сакиев – 20 жылға,
  • Азамат Тоқтаубаев – 15 жылға,
  • Нұрқияс Ілиясов – 9 жылға,
  • Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахмет – әрқайсысы 7 жылға,
  • Думан Ысқақ – 1 жыл 6 айға сотталған.

Айта кетейік, Думан Ысқақ шілде айында жазасын өтеп, бостандыққа шыққан болатын.

Сонымен қатар, сот моральдық зиянды өтеу туралы қаулы шығарды:

  • А.Н. Шынасылдан – 60 млн теңге,
  • Р. Сакиевтен – 30 млн теңге,
  • Қалған сотталғандардан және Сакиевтен бірлесіп – 30 млн теңге өндіріп алу көзделген.

Кәмелетке толмаған сотталушыға қатысты жәбірленушілер азаматтық талап қоймаған. Бұдан бөлек, сот куәгерлердің әрекетінде қылмыс белгілері болуы мүмкіндігіне прокурордың назарын аударды.

Сотталғандар мен олардың қорғаушылары үкімге келіспей, апелляциялық шағым түсірген еді. Сонымен қатар, адвокат Сыдықбеков Д. куәгер Жақсыгелді Д.-ның мүддесі үшін жеке шағым берген.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.