Блогер Ерболат Жанабыловқа сот үкімі шықты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Блогер Эльмира Төлегеноваға қатысты сот үкімі жарияланды

Блогер Эльмира Төлегеноваға қатысты сот үкімі жарияланды
Фото: instagram.com/elt6i

Бүгін, 27 сәуірде Астана қаласында блогер Эльмира Төлегеноваға қатысты сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды kznews.kz.

Эльмира Төлегеноваға мүлкін тәркілей отырып, 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтеу белгіленді. Сонымен қатар жазаны орындау 2 жылға кейінге қалдырылды.

Бұл оған нақты жаза берілгенін білдіреді, алайда ол колонияға бірден жіберілмейді.

Ал Ерболат Жанәбіловке мүлкін тәркілеумен бірге екі жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Айта кетейік, бұған дейін прокурор мәміле шарттары аясында Ерболат Жанәбіловке екі жыл шартты жаза тағайындауды, ал Эльмира Төлегеноваға жазаны орындауды екі жылға шегере отырып, екі жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұраған болатын.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі