KZNews.kz
Спорт

Шерхан Қалмұрза тағы бір сыйлыққа ие болды

Азамат Қойшығара
Ғылым және жоғары білім министрлігі

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақ спорт және туризм академиясының студенті, “Қайрат” клубының қақпашысы Шерхан Қалмырзаға ректорлық білім грантын табыстады.

Министрлік мәліметінше, бұл грант Шерханды қолдау және замандастарына үлгі ретінде беріледі. Айта кетейік, жас қақпашы оқуын ақылы негізде жалғастырып жатқан.

Кездесу барысында министр Саясат Нұрбек жаппай спортты дамытудың маңызына тоқталып, жоғары білімнің болашақ ұрпақты тәрбиелеудегі рөлін атап өтті.

“Мемлекет басшысы балалардың әл-ауқаты, денсаулығы және сапалы білімін елдің болашағымен тікелей байланыстырады. Біз осы бағытта жастарды қолдап, олардың әлеуетін ашуға жағдай жасаймыз және еліміздің халықаралық аренадағы беделін нығайтамыз”, – деді министр.

Сонымен қатар ол спортшылардың зияткерлік дамуы үшін де жағдай жасау қажеттігін айтты.

“Барлық спортшылар халықаралық стандарттарға сай сапалы білім алуы керек. Бұл олардың спорттағы жетістіктерімен қатар, кәсіби мансабынан кейінгі өмірде де өздерін жан-жақты тұлға ретінде дамытуына жол ашады”, – деді Саясат Нұрбек.

Өз кезегінде Шерхан Қалмырза көрсетілген қолдау үшін алғысын білдіріп, футбол саласына өз үлесін қоса беруге ниетті екенін айтты.

Азамат Қойшығара
Автордың басқа материалдары