«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Қайраттың" қаһарманы атанған Шерхан Қалмұрза ел күтпеген шешім қабылдады

"Қайраттың" қаһарманы атанған Шерхан Қалмұрза ел күтпеген шешім қабылдады
instagram.com/kallmurza. Суретте: Шерхан Қалмұрза

Қазақстандағы ең танымал футболшылардың бірі, қақпашы Шерхан Қалмұрза алматылық "Қайрат" клубымен жаңа келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды kznews.kz.

Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 жастағы қақпашының келісімшарты 2028 жылдың 30 қарашасына дейін жарамды.

Еске сала кетейік, биылғы маусымда Шерхан негізгі құрамдағы екі қақпашы жарақат алғаннан кейін Чемпиондар лигасында негізгі команда сапында екі матч өткізді.

Алматылықтардың жалпы кезеңдегі алғашқы ойынында португалиялық "Спортингке" қарсы кездесуде Қалмұрза пенальтиді қайтарды. Кейін "Реал Мадридке" қарсы ойында бірнеше әсерлі сейв жасап, жанкүйерлердің назарын өзіне аударды.

Мадридтік "Реалға" қарсы матчтан кейін Шерхан Қалмұрзаның әлеуметтік желідегі парақшасына 200 мыңнан астам адам жазылып, ол Қазақстандағы ең танымал футболшы атанды.

Қазіргі таңда жас қақпашының Instagram парақшасын 321 мың адам бақылап отыр.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер