KZNews.kz
Танымал

Шавкат Рахмоновтың жекпе-жегіне қатысты тың дерек шықты

Айжан Сыланова
Фото: ашықдереккөз

Өткен жылдың желтоқсанында Рахмонов төрешілер шешімімен Иен Гэрриді жеңгеннен кейін октагонға шыққан жоқ. Жақында ол салмақ дәрежесіне қарамастан UFC-тің жалпы рейтингінде үздік 15 спортшының қатарына енді.

«Шавкат қазір белсенді түрде дайындалып жүр. Денсаулығы жақсы, толыққанды жаттығуға қабілетті. Дегенмен, жыл соңына дейін жекпе-жекке шығуы екіталай», – деді Базров.

Бұған дейін америкалық Шон Брэди қазақстандық файтерді жекпе-жекке шақырғаны туралы ақпарат тараған еді. Кездесу 22 қарашада Дохада (Катар) өтуі мүмкін. Бұл айқаста жартылай орта салмақтағы UFC титулына басты үміткер анықталады.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →