«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Шавкат Рахмонов Ақтөбедегі су тасқынынан зардап шеккен бір отбасыға үй салып береді

Шавкат Рахмонов Ақтөбедегі су тасқынынан зардап шеккен бір отбасыға үй салып береді

Қазақстандық аралас жекпе-жек файтері, бұл спорт түрінен бірде-бір жеңіліс таппаған спортшы Шавкат Рахмонов Қобда ауданының Қобда ауылында болып, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен кездесті.

Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Наурыз мейрамымен баршаңызды құттықтаймын. Керемет күнде 24 үйдің қазығы қағылып жатыр. Мен де бұл бастамаға өз үлесімді қосамын деп шештім. «Апат айтып келмейді» дейді. Сынақтарға мойымай, жеңе білдіңіздер. Сіздерге денсаулық, бақыт тілеймін. Тек алға!» - деді Шавкат Рахмонов.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Ақтөбе облысының Қобда ауданында су тасқынынан зардап шеккендер үшін салынатын үйлердің қазығы қағылды. Жаңа үйлер Қобда ауылының «Жаңақоныс» шағын ауданында бой көтереді. Құрылысы басталған 24 үй төтенше жағдайға қарастырылған бюджетке салынады. Олар биылғы 1 маусымда пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.
Автор
Еркебұлан