KZNews.kz
Қоғам

Шардарада ұлы мен келінінен қорлық көрген қария көз жұмды

Ayzhan Sylanova

Әлеуметтік желіде тараған мәліметтерге қарағанда, қарт кісінің көршісі бұл оқиғаны жасырын бейнежазбаға түсірген. Алайда ол дер кезінде құқық қорғау органдарына хабар бермеген. Тек қария өмірден озған соң ғана бейнежазбаны жариялаған.

Оқиғаға байланысты Түркістан облысы Полиция департаменті қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді.

– Күдікті қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Қазіргі таңда барлық қажетті жедел-тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Нәтижесіне қарай заң аясында шешім қабылданатын болады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне қатысты өзге мәліметтер жариялауға жатпайды, – делінген ведомство таратқан ресми ақпаратта.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары