Ербаян Мұхтармен қоштасу рәсімі Астанада өтеді – БАҚ
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Маңдайымнан салып қалды”: Ұлынан қорлық көрген 90-дағы қария жағдайын баяндады

“Маңдайымнан салып қалды”: Ұлынан қорлық көрген 90-дағы қария жағдайын баяндады
Фото: madeniportal.kz

Әлеуметтік желілерде ұлының қорлығына ұшыраған қарт кісінің жанайқайы қоғамда үлкен резонанс тудырды. Зейнеткер өзіне көрсетілген қысым мен зорлық-зомбылық туралы айтып берген бейнежазба көпшіліктің қызу талқысына түсті, деп хабарлайды kznews.kz.

Журналист Жұлдыз Қайратқызы жариялаған сұхбатта ақсақал ұлының өзіне жиі күш көрсеткенін айтып, басынан өткерген ауыр күндерін еске алды.

«Маңдайымнан салып қалды. Бір түні дәретханаға шыққым келгенде де жібермей, "Қайда барасың?" деп айқайлады. Сол кезде әжетхананың жанындағы сөреде ине-жіп салынған құты болатын. Оның ішінде қайшы жатқан. Соны алып, қашып кетсем деген ой келді», – дейді қария.

Айта кетейік, бұл жағдай Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Сарыөзек ауылында болған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ауыл тұрғыны Эділхан Сисенов ұзақ уақыт бойы өз әкесіне күш көрсетіп келген болуы мүмкін.

Қазір егде жастағы азамат туған қарындасының үйінде тұрып жатыр. Ауыл тұрғындарының сөзінше, оның денесінде түрлі көгерген іздер байқалады. Сонымен қатар қарияның жүруі қиындап, денсаулығы айтарлықтай сыр бергені айтылуда.

Жақындарының мәліметінше, ақсақалдың ақыл-есі дұрыс, болған оқиғаларды анық айтып бере алады. Алайда ұзақ уақыт бойы көрген психологиялық және физикалық қысым оның денсаулығына кері әсерін тигізген болуы мүмкін.

Әлеуметтік желі қолданушылары бейнежазбадан кейін құқық қорғау органдарын бұл жағдайға құқықтық баға беруге шақырып, қартқа қажетті көмек көрсетуді талап етуде.

Әзірге аталған оқиғаға қатысты құқық қорғау органдары ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Істің мән-жайы анықталып жатыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.