Алаяқтар «Қазақмысқа» жұмысқа орналастырамын деп 16 млн теңге жинап алған
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

“Стадионнан секіріп түсемін деп… Ағашқа ілініп қалған” - Шардарадағы оқушы қазасы туралы тың ақпарат белгілі болды

“Стадионнан секіріп түсемін деп… Ағашқа ілініп қалған” - Шардарадағы оқушы қазасы туралы тың ақпарат белгілі болды
Фото: depositphotos.com

Сабақ кезінде 5-сынып оқушысы Арнұр Көшербай стадион қоршауына шығып, секіріп түспек болғанда ағашқа құлап, жарақат алған.

Мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары Нұргүл Қалдарбекованың айтуынша, оқушыда ауыр жарақат белгілері байқалмағанымен, оны бірден ауруханаға жеткізген.
Дәрігерлер баланың қуық тұсының зақымданғанын анықтап, ота жасаған, алайда операциядан кейін Арнұрдың жүрегі тоқтап қалған.

Полиция департаменті өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

«Барлық мән-жай анықталып жатыр. Тергеу нәтижелері бойынша заңға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады», — деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.