KZNews.kz
Қоғам

Шалқарда 10-сынып оқушысы 9-сынып оқушысын пышақтап тастады

Ayzhan Sylanova
Фото: Артем Устюжанин / E1.RU

Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал тұрмыстық сипатта болған. Екі жас та бір ауданның тумалары болғанымен, әртүрлі мектепте оқиды. Ауызша сөз таласы ұрыс-керіске ұласып, соңы бірінің пышақ жарақатын алуымен аяқталған.

Жараланған 9-сынып оқушысы алдымен Шалқар аудандық ауруханасына жеткізіліп, алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Кейін жағдайының ауырлауына байланысты ол санитарлық авиация арқылы Ақтөбе облыстық балалар ауруханасына ауыстырылған. Дәрігерлердің айтуынша, науқастың қазіргі жағдайы тұрақты, өміріне қауіп жоқ.

Құқық қорғау органдары аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған. Күдікті – 2011 жылы туған, яғни 10-сыныпта оқитын жасөспірім. Ол полиция бөліміне жеткізіліп, тергеу шаралары жүргізілуде.

Облыстық полиция департаменті мен білім басқармасы жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық пен жанжалдың алдын алу мақсатында мектептерде түсіндіру жұмыстарын күшейткенін хабарлады.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары