Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Серік Сәпиевке шабуыл жасалып, орынбасары күдікке ілінді

Серік Сәпиевке шабуыл жасалып, орынбасары күдікке ілінді
Фото: qrnews

Қарағандыда спорт саласындағы басшылық деңгейінде жанжал шығып, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиевтің дене жарақатын алғаны белгілі болды, деп хабарлайды Kznews.kz.

Оқиға 21 қаңтар күні кешкі уақытта қаладағы Бұқар жырау даңғылы бойында болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, Сәпиевке дене жарақатын салған күдікті ретінде оның орынбасары Дәурен Есімханов аталады.

Серік Сәпиев – Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасын басқаратын танымал спортшы, Олимпиада чемпионы. Ал жанжалға қатысы бар екінші азамат – самбодан Азия және әлем чемпионы ретінде танылған Дәурен Есімханов.

Полиция дерегінше, аталған факті бойынша «денсаулыққа қасақана зиян келтіру» бабымен қылмыстық іс тіркелген. Қазір жәбірленушінің алған жарақатының ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Оқиғаның неден басталғаны әзірге нақтыланбады. Құзырлы органдар істің мән-жайын анықтап, тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ, желіде Сәпиев пен орынбасарының төбелесі түсірілген видео тарады.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер