Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Желіде Сәпиев пен орынбасарының төбелесі түсірілген видео тарады (ВИДЕО)

Желіде Сәпиев пен орынбасарының төбелесі түсірілген видео тарады (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Қарағанды облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімхановтың арасындағы жанжалға қатысты видео әлеуметтік желіде тарап жатыр, деп хабарлайды kznews.kz.

Видеоны блогер Айсұлтан Жақыпов жариялап, желіде айтылып жүргендей, Серік Сәпиевтің соққыға жығылмағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, ғимарат ішіндегі бейнебақылау камерасына түскен кадрларда тараптардың арасында тек сөзге келіспеушілік болғаны байқалады.

Блогердің сөзінше, екі тарап жұмыс барысында пікір қайшылығына тап болып, иық тірестіріп қалған болуы мүмкін. Сонымен қатар, видеода Серік Сәпиевтің денсаулығына зақым келгені байқалмайды.

«Ешкімнің басы жарылып, қолы сынбаған. Серік Сәпиев те біреуді сабамаған», – дейді Айсұлтан Жақыпов.

Оның мәліметінше, оқиға барысында полиция шақырылған болуы мүмкін. Ішкі жұмыс кикілжіңі сыртқа шығып, көпшіліктің талқысына түскен.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.