Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың нақты себебін ашып айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың нақты себебін ашып айтты

Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың нақты себебін ашып айтты
Фото: Ашық дереккөзі

Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев орынбасары Дәурен Есімхановпен арадағы дауға нүкте қойып, оның неден шыққанын түсіндірді, деп хабарлайды kznews.kz Tizgin.kz-ке сілтеме жасап.

Спорт шенеунігінің айтуынша, бұл жеке басына қатысты немесе тұрмыстық кикілжің емес. Ол өңірде «жасырын ықпалы бар» адамдардың ықпалымен облыстық спорт ұйымдары басшыларын заңсыз ротациялауға әрекет жасалғанын, оған орынбасары да араласқанын мәлімдеді. Сәпиев заңсыз қадамдарды тоқтатқаннан кейін қарсылық күшейгенін жеткізді.

«Құрметті қазақстандықтар! Ең алдымен, қолдау білдірген баршаңызға алғыс айтамын. Халықтың қолдауы – мен үшін ең үлкен құндылық. Болған оқиғаға қатысты нақты айта кеткім келеді: бұл жеке немесе тұрмыстық жанжал емес. Аймақта жасырын ықпалы бар кейбір адамдар тарапынан қарсылыққа тап болдым. Облыстық спорт ұйымдарының басшыларын заңсыз ротациялауға әрекет жасалып, оған менің орынбасарым да қатысқан. Мен бұл заңсыз әрекеттерді тоқтаттым, соның салдары осы жағдайға әкелді. Ашық мәлімдеймін: Мемлекет басшысы айтқандай, қазақстандық спорттағы жүйелі реформаларды жүзеге асыру жолындағы мұндай арандатушылықтар біздің шешімімізді шайқалтпайды. Барлықтарыңызға рақмет! Қазақтың күші – бірлікте!» — деді ол.

Бұған дейін бірқатар БАҚ-та Серік Сәпиевті орынбасары ұрып кеткені, арада төбелес болғаны жөнінде ақпарат тараған еді. Қазір жағдайға қатысты ресми түсініктеме осы мәлімдемемен толықты.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер