Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарып отырған Серік Сәпиевтің орынбасарымен жанжалына қатысты ойын айтып, желідегі кей пікірлерде боксты кемсіту байқалатынын сынға алды. Бұл туралы Tizgin.kz жазды.
Елеусіновтің айтуынша, өзі өмірінде бетпе-бет келгенде күрескерлердің жеңе алмаған сәттері болған, өйткені атасы жауырыны жерге тимеген балуан болғандықтан, өзі де күресе алатынын меңзеді.
«Серік ағамызға қарсы болған адамның салмағы ауыр. Ал Серік ағамыз 69 келіде боксқа шыққан спортшы. Әлі де сол салмақта. Араларында не болғанын білмеймін. Өздері шешеді ғой. Көреміз», — дейді ол.
Сондай-ақ ол бокстың Олимпиада бағдарламасына кіретін спорт екенін еске салып, дәл осы спорт арқылы Қазақстан боксшылары 7 алтын медаль алып, елдің абыройын әлемге танытқанын айтты.
«Самбоны төмендеткім келмейді. Бірақ ол спорттан бес-алты спортшы жиналып, әлем чемпионатын өткізіп жатады. Сол себепті адамдарда қызғаныш болуы мүмкін. Бокс Қазақстанның Туын көтеріп, елді әлемге танытты. Бәріміз Головкин, Жәнібек шаршы алаңға шығады деп таңнан тұрдық. Биыл өзім де шығамын. Сондықтан бокстың бағасын түсірмеу керек», — дейді ол.
Бұған дейін бірқатар БАҚ Серік Сәпиевті орынбасары ұрып кеткені туралы ақпарат таратқан. Жарияланған деректерге қарағанда, екі тарап арасында төбелес болған.