Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Арандатушылыққа ермеймін»: Серік Сәпиев орынбасарымен болған оқиғаға қатысты үн қатты

«Арандатушылыққа ермеймін»: Серік Сәпиев орынбасарымен болған оқиғаға қатысты үн қатты
Фото: gov.kz, instagram @daurenesimkhanov

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев әлеуметтік желі мен БАҚ-та қызу талқыланған оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Kznews.kz.

Ол Instagram парақшасында мемлекеттік қызметкер ретінде қызметтік этика нормаларын қатаң ұстанатынын және әрбір әрекетінің жауапкершілігін толық түсінетінін жазған.

«Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та таралып жатқан жағдайға байланысты мынаны атап өткім келеді. Мен, мемлекеттік қызметкер ретінде, өз міндеттерімді атқару барысында мемлекеттік қызмет этикасының нормаларын қатаң сақтаймын. Бала кезден бапкерлерім маған рингтен тыс күш қолдануға болмайтынын үйретті. Мен өз мүмкіндіктерімді жақсы бағалаймын және әрбір әрекетімнің жауапкершілігін толық сезінемін. Сондықтан ешқандай арандатушылыққа ермеймін. Меніңше, мәселе толық қаралып, жабылды», - деп жазды Сәпиев.

Бұған дейін бірқатар ақпарат көздері Серік Сәпиевтің соққыға жығылғаны туралы хабар таратқан. Алдын ала мәліметтерде оқиғаға оның орынбасары, самбо бойынша әлем және Азия чемпионы Даурен Есімхановтың қатысы болуы мүмкін екені айтылды.

Қарағанды облыстық полициясы да қақтығыс фактісін растады. Ведомство мәліметінше, 42 жастағы Қарағанды тұрғынының арызы негізінде дене жарақатын келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер