"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Сербия халқы президенттің отставкаға кетуін талап етті

Сербия халқы президенттің отставкаға кетуін талап етті

Сербия халқы ел президенті Александр Вучичтің отставкаға кетуін талап етіп, ереуілге шықты. Бұл туралы dsnews.ua хабарлады. 

Президент резиденциясына жиналған мыңдаған тұрғынның ереуілге шығуына Вучичтің оппозициялық топтарға қатысты пікірі мен биліктің оппозиционерлерге қарсы бағытта болуы себеп болған. Осыған дейін Сербия президенті жергілікті телеарналарға берген сұхбаттарының бірінде: «Мен және біздің билік ұстанған саясатқа 5 миллион адам қарсылық білдірсе де айтқанымнан қайтпаймын», – деп айтқан. Осы пікірден кейін халық наразылығы артып, жекргілікті тұрғындар билікте шұғыл реформалар жүргізіліп, президенттің ауысуын талап етті. Ереуілге шыққандардың бірі елдегі халық жағдайының нашар екендігін және сайлауда өз еркімен дауыс бере алмайтынын айтқан.

Мәліметтер бойынша, Белград көшелеріне қырық мыңға жуық адам жиналған. Биліктегі өзгерістерден бөлек, наразы топ жергілікті РТС телеарнасына барып Сербиядағы журналистиканың әділ және бейтарап болуын, мемлекеттегі шындықты бұрмаламай ақпарат тарату керектігін айтты. Алдағы уақытта тағы да наразылық акциялары ұйымдастырылуы мүмкін.

"The Qazaq Times"

Автор
Жандос