Ерболат Досаев Ақордадағы қызметінен неге кетті?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Сенат комитеттерінің жаңа төрағалары сайланды

Сенат комитеттерінің жаңа төрағалары сайланды

Сенат депутаттары палатаның алты тұрақты комитетінің төрағаларын сайлады, - деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

Андрей Лукин Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы болып сайланды.

Асқар Шәкіров Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды.

Қаржы және бюджет комитетін Сұлтанбек Мәкежанов басқарды.

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы болып Сүйіндік Алдашев сайланды.

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы болып Нұртөре Жүсіп сайланды.

Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы болып Әли Бектаев сайланды.

Автор
Нұрсұлтан