Саясат

Сенат депутаты Владимир Соловьевтің Қазақстан туралы мәлімдемесіне пікір білдірді

Сенат депутаты Владимир Соловьевтің Қазақстан туралы мәлімдемесіне пікір білдірді

Сенатор, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед "Россия 1" телеарнасында журналист Владимир Соловьевтің Қазақстан туралы айтқан мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

"Соловьев бұрыннан әлемнің көптеген елдеріне қарсы пікір айтып жүретіндердің бірі, сондықтан болар қазір санкциялық қара тізімдердің басында жүр", - деді Құл-Мұхаммед.

Ол бұрын да "Россия 1" телеарнасында Соловьевтің Алматыны "бомбалау" туралы ашық ұсынғанын еске алды.
"Жалпы, Соловьев өзі жиі артық сөйлеп, өз бағдарламасының қонақтарын шулы мәлімдемелерге итермелейді. Өзін әдепсіз ұстайды", - деп есептейді сенатор.

Ол ресейлік саясаттанушы Дробницкийдің "Ресей үшін Украинадан кейінгі проблема - Қазақстан" деген мәлімдемесі біздің елге тікелей қауіп төндіретінін ашық айтты.

Еске салайық, Ресейдің "Россия 1" телеарнасындағы бағдарламада сарапшылардың бірі "Ресей үшін Украинадан кейінгі проблема - Қазақстан" екенін айтқан. Бұл мәселеге қатысты Сыртқы істер вице-министрі Роман Василенко пікір білдірген болатын.

Ұқсас материалдар

Барлығы

Жаңалықтар

Тағы жаңалық
KZNews.kz