Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа видео жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.
Ақын Instagram желісіндегі ресми парақшасында әріптесі Балғынбек Имашевпен бірге түсірілген видеоны бөліскен. Жарияланған видеода қос айтыскер өнердегі інілері Жандарбек Бұлғақов пен Сырым Әуезханға қатысты өз пікірлерін білдірген.