Жантілек Нұртілепұлы «Qazaqstan Barysy – 2026» жеңімпазы атанды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Артында сөзі қалған, әні қалған": Айнұр Тұрсынбаева ақын Бекжан Әшірбаевтың отбасына көңіл айтты

"Артында сөзі қалған, әні қалған": Айнұр Тұрсынбаева ақын Бекжан Әшірбаевтың отбасына көңіл айтты
Айнұр Тұрсынбаева. Фото: instagram.com/aidyn_nury

Ақын әрі коуч Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желідегі парақшасында Бекжан Әшірбаевтың қазасына байланысты көңіл айту жазбасын жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Ол марқұмның артында сөзі, әні және халық жадында қалатын ізі қалғанын атап өтті.

"Тағы бір жақсыдан айырылып қалдық… Қазақ "жақсының аты өлмейді" дейді ғой. Бекжан Әшірбаев та артында сөзі қалған, әні қалған, елдің есінде жүрер ізі қалған азамат еді. Өнер иесі өмірден өткенмен, елдің жадынан кетпейді", – деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.

Сондай-ақ ол марқұмның отбасына, туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, сабыр тіледі.

"Бекжан ақынымызды Алла рақымына бөлеп, жанын жәннаттан етсін. Артында қалған отбасы мен туған-туысына, барша жақындарына сабыр тілеймін. Қазақ еліне қайғырып көңіл айтамын", – деді ол.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер