«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Семейде студент жігіт көпірден секірмек болған ер адамды аман алып қалды

Семейде студент жігіт көпірден секірмек болған ер адамды аман алып қалды

Семейде көпірден секіріп, өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды жас жігіт аман алып қалды.


Оразалы есімді жігіт қаладағы Жаңа көпірден ер адамның секірмек болғанын байқайды. Бұл туралы полицияға хабарлайды. Полицейлер келгенше ер адамды райынан қайтаруға тырысады, деп жазады Алтайньюс.

Полицейлер келіп жеткенде екеуінің көпір үстінде сөйлесіп тұрғанын көреді. Ер адам полицейлерден жақындамауын сұрап, жақындаған жағдайда көпірден секіретінін айтып қорқытады.

Онымен сөйлесе бастаға Оразалы жақындай келе қолынан ұстап қалады. Осы сәтте поицейлер де жүгіре жетеді. Бірлесе ер адамды аман алып қалады.

Ер адам мұндай қадамға неліктен барғанын түсіндірген жоқ. Ал құтқарушы жігіт Семейдегі медициналық университеттің студенті болып шықты. Полиция департаменті студентті марапаттау жағын қарастырып жатыр.

Автор
Мадияр