Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Семейде қоқыс жәшігінен жаңа туған сәбидің мәйіті табылды

Семейде қоқыс жәшігінен жаңа туған сәбидің мәйіті табылды
Фото: Ашық дереккөзі

2026 жылғы 3 ақпанда Семей қаласында қоқыс контейнерінің ішінен жаңа туған қыз баланың мәйіті табылды. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Kznews.kz.

Алғашқы тексеру барысында үй жағдайында босанған 20 жастағы қыз анықталған. Оның айтуынша, сәби өлі туған. Сотқа дейінгі тергеу аясында нәрестенің мәйітін қоқыс контейнеріне тастаған қала тұрғыны да анықталды.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 100-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Қазіргі таңда істің мән-жайы нақтыланып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Айта кетейік, бірқатар ақпарат көздері күдікті ретінде құқық қорғау органдарында қызмет ететін адамдар ұсталғанын жазды. Бұл мәліметтің анық-қанығын нақтылау үшін редакция тиісті органдарға ресми сауал жолдады.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер