Семейде 4 қазанда із-түзсіз жоғалып кеткен 22 жастағы Нұрасыл Әбеннің денесі табылды. Бұл туралы іздеу жұмысына қатысқан еріктілер хабарлаған.
2003 жылы туған жігіт 4 қазан күні Қарағайлы көшесі, 50А мекенжайындағы үйінен шығып кеткеннен кейін байланысқа шықпаған.
Іздеу барысында оның соңғы рет қаладағы жаңа көпір маңындағы бейнебақылау камераларына түсіп қалғаны анықталған. Жоғалған күні үстінде ақ түсті футболка мен қара шалбар болған.
Нұрасылды бірнеше күн бойы еріктілер мен іздеу топтары іздеді. Кейін еріктілер оның мәйіті табылғанын растады.
Әзірге жас жігіттің нақты неден және қандай жағдайда қайтыс болғаны туралы ресми мәлімет жарияланған жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.