WBO президенті: Әлімханұлы жаңа салмаққа ауысқанда бірден міндетті үміткер атануы мүмкін
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Семейде бір жасар бала терезеден құлап көз жұмды

Семейде бір жасар бала терезеден құлап көз жұмды
фото:elements.envato.com

Семей қаласының Қарағайлы ықшам ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде бір жасар бала терезеден құлап, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды kznews.kz.

Абай облысы бойынша бұл биыл тіркелген алғашқы қайғылы жағдай емес. Өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері балалардың терезеден құлауына байланысты 10 оқиға тіркелген. Өкінішке қарай, олардың бірі адам өлімімен аяқталды.

Осыған байланысты құтқарушылар ата-аналар мен заңды өкілдерді қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды. Мамандардың айтуынша, балаларды үйде қараусыз қалдырмау, терезе маңына жиһаз қоймау және маса торына сенбеу аса маңызды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.