“Түсіндірме жұмысы” – Конститутциядан орыс тілін алып тастауды талап еткен Дина Елгезектің үйіне полиция барды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

“Сахнамен ресми түрде қоштасармын”: Роза Рымбаева ел күтпеген мәлімдеме жасады

“Сахнамен ресми түрде қоштасармын”: Роза Рымбаева ел күтпеген мәлімдеме жасады
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева сахнамен қоштасуы мүмкін екенін мәлімдеп, көпшіліктің назарын аудартты, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер майталманы бұл ойын "Abai TV" арнасындағы "Сарасөз" бағдарламасына берген сұхбатында ашық айтты. Оның сөзінше, қазіргі уақытта ол өзінің үлкен шығармашылық жолын қорытындылайтын 50 жылдық есеп беру концертіне дайындалып жатыр.

«50 жылдық мерейтойлық концертіме қызу дайындық үстіндемін. Сол үлкен кештен кейін, мүмкін, сахнамен ресми түрде қоштасармын деген ой бар. Дегенмен, бұл мүлдем өнерден кетемін деген сөз емес. Маған ұсыныс түсіп жатса, ірі концерттерге, арнайы жобаларға шығуға әрқашан дайынмын», – деді Роза Рымбаева.

Халық сүйікті әншісінің бұл пікірі әлеуметтік желіде қызу талқыланып, тыңдармандары оның сахнадан кетуін қаламайтынын жарыса жазуда.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.