Жанәбіловтің әйелі соңғы сөзінде судьяға өтініш айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Шаханов халық үшін не істепті - қоғам белсендісі

Шаханов халық үшін не істепті - қоғам белсендісі
Ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде қоғам қайраткерлеріне көңіл айту мәселесіне байланысты пікірталас өрбіді. Бұл туралы қоғам белсендісі Нұрсұлу Мырзахмет жазба жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Белсендінің айтуынша, қоғамда әр тұлғаға көрсетілетін құрмет деңгейі әрқалай қабылданып отыр.

– Өле-өлгенше елдің қамы үшін күрескен марқұм Жасарал Қуанышалин қайтыс болғанда көңіл айта алмаған Президент пен шенеуніктер неғып жаппай Шахановқа көңіл айтып жарысып кетті? Жасаралдың қазасына өзі сияқты адал халқы ғана қан жұтып қайғырды! – деп жазды ол.

Сондай-ақ жазба авторы Мұхтар Шахановтың қоғамдық қызметіне қатысты сыни пікір білдірді.

– Шаханов халық үшін не істепті? Жемқор жерлестеріне керек болмаған ақылы бізге керек пе?! Өтірік шындықтың жаршысы болмай-ақ қойсын! – деді Нұрсұлу Мырзахмет.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.